Шымкентте белгісіз жас жігіттің туыстары табылды

284

Шымкенттік дәрігерлер аты-жөні белгісіз жас жігіттің туыстарын тапты. Бес айдан бері облыстық жүйке аурулар диспансерінің қызметкерлері ақыл-есінде ауытқуы бар азаматтың аты-жөнін анықтай алмаған.

vlcsnap-2016-06-27-17h39m31s6

Арнайы ауруханаға жабылған баланы «Отырар» телеарнасында көрсетілген бейнематериал арқылы туысқандары-танып біліпті. Қазір ол жақындарының ортасында.

Айта кетейік, жас жігітті полицейлер 2016 жылдың 29 қаңтар күні қаладағы көшелердің бірінен кездестірген. Денсаулығында ахауы бар баланы шұғыл түрде емдеу мекемесіне әкеліпті. Содан бері бес ай бойы бұл жігіттің кім екені белгісіз болып келген.