Арыс ауданында күзде екі жол пайдалануға беріледі

339

Арыс ауданында күзде екі жаңа жол пайдалануға беріледі. Мұндағы Шәуілдір-Ақдала жолы проблемалық нысандардың бірі еді. Өйткені күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы басталған болатын. Кейін, 2014 жылы құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Енді бұл мәселенің күрмеуі биыл шешіліп, нысанға 1 млрд 300 мың теңге бөлініп, тиісті істер қайта қолға алынды.

vlcsnap-2016-08-02-18h03m32s50

Сондай-ақ, биылғы қараша айында Арыс қаласындағы көпір де пайдалануға беріледі. Бұл жобаның сметалық құны – 374 млн 678 мың теңге. Мұнда құрылыс жұмыстары шілде айында басталған. Жоспар бойынша қараша айында аяқталуы тиіс.

vlcsnap-2016-08-02-18h08m04s211

Қазір қос нысанда жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Мердігер компанияларға тиісті қаржы толық аударылған. Аудан басшысының сөзінше, алдағы күз айларында облыстық маңызы бар екі жолда пайдалануға беріледі.