Мақтааралдағы жағдай ОҚО әкімінің бақылауында

242
Мақтааралдағы Сейфуллин ауылын полицейлер қоршауға алды

Мақтаарал ауданындағы жағдайды Бейбіт Атамқұлов өз бақылауында ұстап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мақтааралдағы Сейфуллин ауылын полицейлер қоршауға алды

2 тамыз күні өңір басшысы Бейбіт Бәкірұлы аудандағы Ералиев ауылды округіне қарасты Сейфуллин елдімекенінде құрылған шұғыл штабтың жиынын өткізді. Бұл отырысқа ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Демеуов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және облыстық, сондай-ақ, аудандық әкімдіктердің қызметкерлері қатысты.

Штаб жиыны барысында облыс әкімі қабылданған шаралармен танысып, аталған ауылда тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін нақты тапсырмалар берді. Мұнан соң Бейбіт Атамқұлов жергілікті халықпен, оның ішінде ауылдың ақсақалдарымен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Өңір басшысы кәмелет жасына толмаған жасөспірімге қатысты зорлық-зомбылық әрекетінің расталмағанын айтып, медициналық сараптаманың қорытындысын жариялады. Аймақ басшысы аталған жағдайдың қылмыс екенін атап өтіп, ауыл тұрғындарын жалған ақпараттар мен қауесеттерге сенбеуге шақырды.

Жиын кезінде облыстың бас прокуроры Ибрахим Иманов сөз алып, ауылда заң бұзушылықты болдырмаудың қажетті шаралары қабылданғанын жеткізді. Аталған елдімекендегі қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтықты қамтамасыз ету шаралары жалғасатын болады. Жағдай қатаң бақылауда.