Шымкентте конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

551
Шымкент әкімі конституция күнімен құттықтады
Шымкент қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Меркелік шарада шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов барша әкімдік қызметкерлерін ата заң күнімен құттықтады.
Шымкент әкімі конституция күнімен құттықтады
Қазақстанның ата заңы тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі және елдегі қоғамдық-саяси жүйенің негізі, қоғамымыздағы тұрақтылықтың кепілі деген Ғабидолла Рахматоллаұлы салтанатты түрде қаламыздың азамат жасына толған жастарына жеке куәлік табыстады. Ал мемлекеттік қызметке қадам басқан мамандар ата заңға адал болуға серт етіп, ант қабылдады.
Шымкент әкімі конституция күнімен құттықтады
Іс-шара соңында отаншылдық тақырыптағы патриоттық әндер шырқалып, концерттік бағдарламаға ұласты.