Қазығұртта депутаттардың көшпелі отырысы өтті

389
Қазығұртта депутаттардың көшпелі отырысы өтті

Облыс мәслихатының депутаттары бюджеттен бөлінген қаржының жергілікті жерлерде игерілуі бақылауда дейді. Жақында бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі комиссиясының мүшелері көшпелі отырысын Қазығұрт ауданында өткізіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды көрді. Миллиондаған қаржы жұмсалған жұмыстың нәтижесін көріп қайтты. Бұл мүмкіндікті пайдаланған ауыл тұрғындары сайлаған азаматтары алдында ауыз су, газдандыру мәселелерін көтерді.

Қазығұртта депутаттардың көшпелі отырысы өтті

Елбасының ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етіп, халыққа барлық салалардағы тірлікті түсіндіру тапсырмасымен Оңтүстікте бірқатар шаралар қолға алынған. Қазығұрт ауданындағы Жұмысшы ауылында бой көтерген Алма Оразбаева атындағы орта мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. 200 орынды білім ордасында 263 оқушы екі ауысымда дәріс алып жатыр. Мұнда оқудан бөлек балалардың ой-өрісін дамытуға қажетті түрлі үйірмелер де ашылған. Жаңа мектепте мүмкіндіктер де көп.

Құрылысты «Шаңырақ 21» серіктестігі жүргізіпті. Облыс бюджетінен бөлінген 427 млн теңге толық игеріліп, нысан кестеге сәйкес тапсырылған. Мультимедиялық кабинеттер, арнайы құрылғылармен жабдықталған сынып бөлмелері, асхана мен спорт залының құрылысы депутаттардың да көңілінен шықты. Ауылдағы балалар шеберханада тұрмысқа, мектепке қажетті заттарды жасауды үйренуде.

Қазығұртта депутаттардың көшпелі отырысы өтті

Білім ошақтарын аралап шыққан депутаттар тұрақты комиссияның көшпелі отырысын өткізді. Онда облыс әкімінің атқарған жұмысын талқылау барысында аудандағы елдімекендерді газдандыру және ауыз сумен қамту мәселелері де көтерілді.

Қазығұртта депутаттардың көшпелі отырысы өтті

Жиында сығымдалған газдың бағасы, коммуналды қызметтің тарифтері, жол, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту мәселері де сөз болды. Жылдың соңына дейін 1 млрд теңгеден астам қаржы иегірілмей қалу қаупі бар нысандарда жұмыстарды тездету қажет. Оның сапасы да бақылауда болуы керек. Ол үшін мәслихат, әкімдікпен қоян-қолтық жұмысты жалғастыруы тиіс. Өйткені мақсат пен мүдде бір – ол халықтың әлеуетін жақсарту.