Өзбекстан кәсіпкерлері Оңтүстіктің өндіріс орындарымен танысты

388
Өзбекстан кәсіпкерлері Оңтүстіктің өндіріс орындарымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысына ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстаннан арнайы делегация келді. Жұмысшы топты Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Ерік Өтембаев бастап жүр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Өзбекстан кәсіпкерлері Оңтүстіктің өндіріс орындарымен танысты

Шекаралас жатқан елден келген топтың құрамында түрлі саладағы 20-ға жуық кәсіпкер және Өзбекстан елшісі бар. Қонақтар өңірге жасаған жұмыс сапары барысында «Оңтүстік» индустриялды аймағы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысып, ондағы бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді.

Өзбекстан кәсіпкерлері Оңтүстіктің өндіріс орындарымен танысты

Екі жақты ынтымақтастықты нығайту үшін күнгейлік кәсіпкерлер мен делегация өкілдері арасында В2В форматында кездесу өткізіліп, бірлескен кәсіпорындар ашу, өзара байланысты нығайту турасында келіссөздер жасалды.

Өзбекстан кәсіпкерлері Оңтүстіктің өндіріс орындарымен танысты

Осы күні Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың қабылдауында болды.

Өзбекстан кәсіпкерлері Оңтүстіктің өндіріс орындарымен танысты

Кездесу барысында елші ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі жақтың кәсіпорындары арасында ауыл шаруашылығы, пластмасса бұйымдар жасау және тері өңдеу мен киім тігу сынды бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезінде аймақ басшысы екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың зор екенін айтып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтті. Сондай-ақ, Өзбекстан тарапынан ұсынылған жобаларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Өзбек делегациясы облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, қызығушылық танытып отыр.