15 жасар қызға іздеу жарияланды

208
15 жасар қызға іздеу жарияланды

Оңтүстіктің полицейлері із-түссіз жоғалған 15 жасар Аида Абдусаматованы іздейді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

15 жасар қызға іздеу жарияланды

Шымкент қаласындағы Әл Фараби полиция бөліміне Сарыағаш ауданының 22 жасар тұрғыны арызданып келген. Ол азаматша өзінің 2001 жылы туған сіңлісіне іздеу салуға көмек сұрайды. Әпкесінің айтуы бойынша, 13 қыркүйекте 15 жасар сіңлісі Абдусаматова Аида Даниярқызы екеуі Шымкент қаласындағы «Алаш» базарына келген. Содан сағат 17:30 шамасында сіңлісі Аида белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.

Бұл факті Әл-Фараби полиция бөлімінде тіркелді. Бүгінгі таңда 15 жасар Аиданың жүрген жерін анықтау барысында полицейлер барлық жедел іздестіру шараларын жүргізуде.

Із-түссіз жоғалған жасөспірімнің белгілері: бойы 155-160 см, орташа денелі, шашы қара, көзі қара түсті.

Үстінде қоңыр-сары түсті кеудеше, қара түсті спорттық шалбар, жазғы аяқ киім киген.

Ерекше белгілері – ішінің оң жақ төменгі тұсында отадан қалған (аппендицит) тыртығы бар.

Егер сіздерге Абдусаматова Аида Даниярқызы жайлы қандай да бір мәлімет белгілі болса, 102 немесе 8-771-883-30-13 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.