№40 мектептің алдындағы жол салу әлі жалғасуда

249
№40 мектептің алдындағы жол салу әлі жалғасуда

Шымкенттегі мектепке барар жол аяқталмай қалды. Алғашқы қоңырау күнінен бастап тобықтан топырақ кешкен №40 мектеп оқушыларының ата-аналары шағымданып, балалары жүретін жолдың жоғын алға тартты.

№40 мектептің алдындағы жол салу әлі жалғасуда

Қазір №40 мектеп алдындағы жаяу жүргінші жолымен жүру қиын. Мұнда мердігерлер жаңа жол төсеп жатыр. Жол үстіндегі топырақтар тазаланбай, мұнтаздай киінген оқушылардың жүруін қиындатыпты. Шілде айында құрылысты бастаған мердігерлер оны қазанда қолданысқа тапсыруы тиіс. Яғни, оқушылар тағы екі ай топырақ кешуге мәжбүр.

Бірақ, құрылыс материалдары шашылып жатқан аумақтан жұмысшылар байқалмайды. Мердігерлердің мардымсыз тірлігін қала әкімі өз бақылауына алды.