Шымкентте «Қазақ халқына мың алғыс» монументі бой көтереді

403
Шымкентте

Қазақ халқына мың алғыс! Шымкентте жөнделіп жатқан «Қоғамдық келiсiм» мекемесі ғимаратының алдында тұрғызылатын монумент осылай аталады. Жұмысшылар ғимарат құрылысы аяқталғанға дейін ескерткіш бой көтеру үшін барын салып жатыр.

Шымкентте "Қазақ халқына мың алғыс" монументі бой көтереді

Биіктігі 7 метрден асатын бұл монумент толықтай ақ мәрмәр тастан жасалады. Материал Ресей елінен тапсырыспен арнайы алдырылуда. Бұл түс этнос өкілдерінің қиын-қыстау кезеңде жатырқамай-жатсынбай құшағын кең жайған Қазақ халқына деген пейілін аңғартады дейді құрылысқа тапсырыс берушілер. Достық пен ынтымақтастықты ту еткен бұл нысанның әр бөлігінде үлкен мән-мағына жатыр дейді облыстық Қазақстан халқы ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов.