Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

518
Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

Оңтүстікте Экспо-2017 көрмесіне дайындық қолға алынды. Шымкенттіктерге Түркия мен Чехия елдерінен профессорлар келіп, туризм саласы бойынша дәріс беруді бастады.

Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

«Ontustik Tourism Center» ақпарат орталығы ұйымдастырған семинар-тренингке келген бизнес-тренерлердің арасында Анадолы елінде мейрамханалар мен қонақ үйлер қауымдастығының президенті Бурхан Шенер мен чехиялық ПИАШДИ докторы Иржи Богачек те бар.

Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

 

Жүзге жуық жерлесіміз олардан үш күн бойы тәлім алып, семинар-тренингтерге қатысуға мүмкіндік алып отыр. Студенттер төрт бағыт бойынша оқиды. Олар – гид-бағыттаушы, қонақ үй бизнесі, мейрамхана маркетингі және жарнамалау, туризм менеджменті. Дәрістер тегін беріледі. Бүгін қатысушылар теориялық білім алса, ертеңнен бастап дәрістер практикамен ұштастыра жүргізілмек.

Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

Алмагүл Нұрғалиева, профессор, семинар-тренинг ұйымдастырушысы: «Бір қызығы – шымкенттіктердің басым бөлігі қонақ үй саласын таңдап отыр. Оңтүстікте бұл бизнес жақсы дамыған болса керек деп ойладық. Семинар-тренинг бүгін ғана басталды. Келемін деушілер болса әлі де есігіміз ашық.»