Түлкібаста үй өртенді

228
Түлкібаста үй өртенді

Түлкібас ауданындағы жеке үйден өрт шықты. Тілсіз жау ауылдағы з мың шаршы метр жерді алып өткен. Жалынды төтенше жағдай қызметкерлері екі сағаттың ішінде ауыздықтапты.

Түлкібаста үй өртенді

Әбүйір болғанда қызыл алаудан зардап шеккен адам жоқ. Дегенмен, өрттің салдарынан қорадағы төрт бие мен төрт құлын қырылып қалыпты. Сондай-ақ, 4 қыркүйек күні Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы жеке үйде де өрт шыққан. Соның салдарынан үй аумағындағы 45 шаршы метр қора жанып кеткен.