«БАҚ дизайны: бейнелеу және беттеу» семинар-тренингі өтті

453

Қазақ газеттерінің макетіне қарапайымдылық пен стил жетіспейді. Оңтүстікте облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен «БАҚ дизайны: бейнелеу және беттеу» тақырыбындағы семинар-тренингте осы мәселе айтылды.

"БАҚ дизайны: бейнелеу және беттеу" тақырыбындағы семинар-тренингі өтті

«Түркі тілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда жанрлардың сақталмауы да өзекті болып отыр. Газет бетін қажетті-қажетсіз элементтермен толтырып тастау оқырманның назарын өзіне аудартады. Осыдан келіп басылымдағы мақала көзден таса қалып, оқылмайды дейді мамандар.

"БАҚ дизайны: бейнелеу және беттеу" тақырыбындағы семинар-тренингі өтті

Жиында газет макетінің дизайнынан бөлек қазақ журналистикасындағы түйткілді мәселелер де талқыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай семинар-тренингтер алдағы уақытта да жалғасын табады.