Депутаттар: «Шымкентке коммуналды шаруашылық қажет»

403
Көпқабатты үйдердің тұрғындары жартылай жылусыз отыр

Көпқабатты үйдердің тұрғындары жартылай жылусыз отыр

Шымкентте тұрғын үй секторындағы түрлі проблемаларды шешу үшін тиісті бөлім құру қажет. Депутаттар осылай дейді. Көп қабатты үйлердегі қордаланған мәселе біраз жылдар бұрын тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармаларымен шешілетін.

Бүгінде осы үйлердегі жылу жүйелері, жөндеу жұмыстары бүгінде пәтер иелері кооперативтеріне жүктелген. Мұндай құрылымдар Астана, Алматы қалаларында нәтижелі жұмыс атқаруда.

Ал Оңтүстікте пәтер иелері кооперативтері қағаз жүзінде ғана бар, алайда іске көшкенде қауқарсыз дейді тұрғындар. Соңғы жылдардағы жылу беру маусымы оған дәлел деген халық қалаулылары бұл мәселені шешу жолдарын ұсынуда.