Шымкенттің өрендері «Бала дауысы» конкурсында 1-орын алды

633
Шымкенттің өрендері

Алматыда 12-13 қараша күндері «Бала дауысы» республикалық конкурсы өтті. Алғаш рет өткізілген ұлттық балалар ән байқауының ұйымдастырушысы – Әлия Назарбаеваның жеке қоры.

Шымкенттің өрендері "Бала дауысы" конкурсында 1-орын алды

Бір ай бойы алдын ала 14 өңірде және екі орталық қалаларда іріктелген талантты ұл-қыздар дайындықтан өтіп, ақтық сынға қатысты. Конкурстың бас жүлдесін павлодарлық дуэт еншілесе, 1 орынды шымкенттік үш оқушыдан құрылған трио жеңіп алды.

Садраддин, Мағжан, Диас есімді ұлдар – қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия-мектебінің өнерлі балалары. Олар Оңтүстіктің намысын қорғады. Ақтық сайыста әнші өрендерге облыс тұрғындары дауыс беріп, қолдады. Шынайы ықыласымен дауыс берген баршаңызға балалардың ата-аналары, тәлімгерлері алғыс айтады! Ал біз балалардың талабына нұр жаусын, үлкен сахнаны ары қарай да бағындырсын деп тілейміз. «Бала дауысы» конкурсы енді жыл сайын өтіп тұрады деп шешілді.

Зәуре Оралбаева