Созақта 50 отбасы қоныс тойын тойлады

378
Созақта 50 отбасы қоныс тойын тойлады

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Созақ ауданында 50 отбасы жаңадан баспаналы болды. Теріскейліктерге тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты.

Созақта 50 отбасы қоныс тойын тойлады

Облыс әкімі аудан орталығы – Шолаққорған ауылында «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердің кілтін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналар мен кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге табыстап, жаңа қоныстың құтты шаңыраққа айналуын тіледі.

Созақта 50 отбасы қоныс тойын тойлады

– Ел үй, елу отбасы – елу жанұя. Осы елу отбасының әрқайсысында 4-5 адамнан бар деп есептесек, бүгін 200-ге жуық созақтық тұрғынның қуанышына ортақтасып отырмыз, – деді облыс әкімі. – Мұндай жағдай өңірімізге «Нұрлы жол», «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында бөлініп жатқан үлкен қаржының көмегімен мүмкін болып отыр. Болашақта осындай бағдарламалар арқылы көптеп ақша бөліп, бүгінгідей үйлердің салынуына барынша атсалысатын боламыз.

Созақта 50 отбасы қоныс тойын тойлады

Созақта 50 отбасы қоныс тойын тойлады

Жаңа қоныстың іргетасы 2015 жылы қалана бастаған болатын. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай табысталған баспаналар мерейлі мерекедегі үлкен сый болып отыр. Бұл үйлерді «Ел Құрылыс тобы» мердігер мекемесі салған. Айта кету керек, бүгінде Созақ ауданында 454 адам баспана кезегінде тұр.

Созақта 50 отбасы қоныс тойын тойлады