Боксшы Біржан Жақыпов жаңа қызметке тағайындалды

1360
Боксшы Біржан Жақыпов жаңа қызметке тағайындалды

Біржан Жақыпов жаңа қызметке тағайындалды. Осынау сүйінші хабармен алғашқылардың бірі болып спорт журналисті Тағабай Қасымов өз фэйсбук парақшасында бөлісті.

Боксшы Біржан Жақыпов жаңа қызметке тағайындалды

«Бокс деген өнерде ел намысын ту еткен азамат Біржан Жақыпов ұлдарыңыз қызметке кірісіп жатқан жағдайы бар. Ол жаңалықты өз аузынан естідік. Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары болып тағайындалыпты. Қуандық. Қолын қысып, құттықтадық» деп жазады журналист.

Біржан Жақыпов – бокстан әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем кубогының қола жүлдегері, Қазақстан Президенті кубогының, Таиланд королі кубогының, «Химиктер кубогының» (шағын әлем чемпионаты) жеңімпазы.

Ең жеңіл салмақта алғаш рет әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына жолы түскен саңлақ. Одан кейін Кубадағы халықаралық турнирлерде чемпион болған жалғыз қазақ боксшысы, бокстан Оңтүстіктен шыққан тұңғыш әлем чемпионы.