Оңтүстікте көп балалы 2550 ана алтын және күміс алқа тағынды

839
Оңтүстікте көп балалы 2550 ана алтын және күміс алқа тағынды

Оңтүстік Қазақстан облысында көп балалы аналардың саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, жаңа 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, өңірде халқымыздың демографиясына үлес қосып жүрген аналардың саны 169 198-ге жетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстікте көп балалы 2550 ана алтын және күміс алқа тағынды

Оның ішінде 6193 батыр ана болса, 25482 ана алтын алқа, 34744 әйел күміс алқа иегері атанып отыр. Ал 8878 ана – І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері. 93901 азаматша 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналардың қатарын толықтырған. 2016 жылы облыстағы көп балалы 479 ана алтын алқа, 2071 нәзік жан күміс алқа тақты.

Айта кету керек, бұл көрсеткіш 2015 жылмен (150 327 ана) ақпарымен салыстырғанда 18 871-ге көп. Көшті бастап тұрған – Шымкент қаласының тұрғындары. Облыс орталығындағы аналардың қатары – 35 703. Шымкенттен кейінгі орында Сарыағаш пен Мақтаарал аудандары. Сарығашта 23 793 алтын құрсақты ана болса, Мақтааралда 23239 азаматша көп балалы.

Ары қарай көп балалы аналар көшін Түркістан, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Шардара, Түлкібас, Арыс, Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласы алтын құрсақты аналары жалғайды.