БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қорының өкілі Шымкентке келді

371
БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қорының өкілі Шымкентке келді

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қорының өкілі Юрий Оксамитныйды қабылдады. Қос тарап ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қорының өкілі Шымкентке келді

Кездесуде тараптар балалардың тең мүмкіндігін алуға құқығы, отбасы денсаулығын нығайтуды және әлеуметтік қолдау сияқты мәселелерді талқылады. Ынтымақтастық аясында оңіріміздегі ана мен бала өлімін азайту және жасөспірімдер арасындағы суицидке жол бермеу шаралары да жоспарланған. Сондай-ақ, ол жұмыстар отбасы мен қоғамның әлеуетін нығайтуға күш салуы тиіс.