«Грин бас» компаниясына – 2 жыл

414

Шымкенттегі ірі жолаушылар тасымалдау компаниясы екі жылдық мерейтойын атап өтуде. Нарықта 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Грин бас» компаниясы өзінің үздік қызметкерлерін марапаттап, құрмет көрсетті. Жергілікті тұрғындар компания жүргізушілері мен кондукторлардың жұмысын бүгінде жақсы бағалап отыр.

Әлішер Тұрақұлов – үздік жүргізушілердің бірі. Оның еңбегін елеген компания басшылары қызметкерге бағалы сыйлық тарту етті. Жүргізушілер «Грин бас» компаниясында қызметкерлердің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған, тек талмай еңбек етсең болғаны дейді.

Екі жыл – компания үшін көп уақыт емес. Дегенмен, ары қарайғы даму мен үлкен жоспарларды жүзеге асыру тұрғысынан алғанда маңызды мерзім. Енді «Грин бас» компаниясы алдағы уақытта Қазақстанның өзге қалалары – Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында автобус парктерін ашуды жоспарлап отыр.

Әлімхан Дүйсенғалиев