Ломбард тонамақ болған күдіктіні тапқандарға – 500 мың теңге сыйақы

207
Ломбард тонамақ болған күдіктіні тапқандарға - 500 мың теңге сыйақы

Шымкенттің полицейлері ломбард тонамақ болған күдіктіні таныған адамдарға 500 мың теңге сыйақы тағайындап отыр. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан өзінің Фэйсбуктағы парақшасында жариялады.

Ломбард тонамақ болған күдіктіні тапқандарға - 500 мың теңге сыйақы

Еске салайық, 11 қаңтар күні медициналық бетперде киіп, қара көзілдірік таққан жігіт шолақ мылтықпен қорқытып, ломбард қызметкерлерінен алтын мен ақша талап етеді. Ол әрекеті орындалмаған соң жас қызға оқ атып, кеудесінен жаралап, қашып кеткен.

Осы күдікті үшін нақты ақпараты бар азаматтардың 8 701 013-01-02, 53-52-52 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуына болады.