Шұбарда атқарылатын шаруа көп

262
Шұбарда атқарылатын шаруа көп

Ордабасы ауданының экономикалық әлеуеті жоғары. Аудан облыс орталығына жақын, теміржол және Батыс Европа – Батыс Қытай магистралінің бойында орналасқан. Сондай-ақ мұндағы жер, су жағдайы ауыл шаруашылығынын, өндіріс пен туризмді дамытуға өте қолайлы өңір. Енді осы салаларды дамыту мақсатындағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылуы керек. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімі Алмасбек Мамытбеков пен Шұбар ауыл округі әкімі Қ.Сейітқұлдың есеп беру жиынына арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Шұбарда атқарылатын шаруа көп

2016 жылы Ордабасы ауданында 50 млрд 999 млн теңгенің өнімі өндірілген. Аудан бюджеті 14 млрд 385 млн теңгеге жетсе, жергілікті кіріс көлемі 1 млрд 160 млн теңгені құрапты. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 29 млрд 433 млн теңгеге артса, мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд 358 млн 700 мың теңге, егін шаруашылығы бойынша түскен табыс 14 млрд 75 млн 100 мың теңгеге жеткен.

Шұбарда атқарылатын шаруа көп

Аудан әкімі мен ауыл округі әкімінің жылдық есебін тыңдаған өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы Шұбар ауыл округінде инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмегенін жеткізді.

 – Шұбар индустриалды аймағында бірде-бір жоба жұмыс істеп тұрған жоқ. 93 гектар жер 3 жылдан бері бос тұр. Сондай-ақ аталған округте «Индустрияландыру картасы» мен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары бойынша ешқандай жоба іске асырылмаған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бірде-бір шағын цех ашылмапты. Аул округі аймағында ішкі жолдардың 66 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ордабасы ауданының дотациялы өңір екеніне тоқталған облыс әкімі аудан бюджетінің 9 пайызы ғана, яғни, 1,3 млрд теңгесі өзіндік кіріс, қалған 13 млрд теңгесі 91 пайызы трансферттер мен субенциялар құрайтынын жеткізді. 2017 жылы ауданға әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында республика, облыс бюджетінен 16 млрд теңге бағатталып отыр.

Шұбарда атқарылатын шаруа көп

Аудандағы ең басты мәселе – газдандыру. Осы мақсатта биыл 1,7 млрд теңге бөлініп, тұрғындар көгілдір отынға қол жеткізеді. Сондай-ақ өңірдегі 5 жаңа мектептің құрылысына 2,3 млрд теңге бағытталып отыр.

Ал Шұбар ауыл округінде биыл 471 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Атап айтсақ, Береке ауылында 200 орынды мектеп салу үшін – 248 млн теңге, Шұбар ауылындағы дәрігерлік емхана құрылысын аяқтауға – 125 млн теңге, Ақбастау бастауыш мектебіне 100 орынды мектеп ғимаратын сатып алуға 28 млн теңге қаралып отыр. Сонымен қатар, өзекті мәселенің біріне айналған Шұбар ауылынан 150 орынды мәдениет үйін салуға жобалық-сметалық құжат дайындауға 8 млн теңге қарастырылыпты.

Фото: Самат Мырзалиев