Шымкент қалалық мәслихаттың сессиясы өтті

488
Шымкент қалалық мәслихаттың сессиясы өтті

31 наурыз күні қалалық мәслихаттың депутаттары кезекті 15-сессияның күн тәртібіндегі 19 мәселе бойынша шешім қабылдады. Бұған дейін 4 рет тұрақты комисияның отырысында қала әкіміне қарасты үш бөлім мен қалалық жергілікті полицияның есебі егжей-тегжей талқыланған еді.

Алдымен алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихаттық корпустан түрлі себептермен шығып қалған екі депутаттың орнына қайта сайланғандар мандаттарын алды. Еске салар болсақ, №1 сайлау округінен Сұлтанова Төрайым, ал №5 сайлау округінен Орманов Мұрад 26 наурызда өткен сайлауда халық дауысын көп жинаған еді. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы бүгін осы қос депутаттың бірі Төрайым Сұлтановаға куәлік пен төсбелгі табыстады.

Бұл күні тұрақты комиссияның төрт бірдей отырысы өтті. Осы кездесуде бір жыл бойы атқарған жұмыстарына есеп берген жергілікті полицилер әбден сынға ұшырады. Қаланың төрт ауданының полиция бөлімдерінде жұмыс ақсап тұр. Ал бұл – Шымкент қалалық жергілікті полициясының жұмысына берілген баға. Қаланың бас полицейі өздерінің кемшіліктерін мойындады.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарына да бірқатар тапсырмалар берілді. Шаһар көшелерін жөндеу үшін жыл сайын млярттаған қаржы бөлінеді, ал сол жолдардың және құрылысқа қолданылып жатқан материалдардың сапасы қандай деген сауал қойылды.

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында бір жыл бойы атқарған жұмыстарына нашар баға алған бөлімдер енді үстіміздегі жылдың 6 айлық көрсеткіші бойынша қайта есеп береді. Депутатардың шешімі осы.

Нұрлан Жаңабай