Шымкент зообағында жаңалық көп

400
Шымкент зообағында жаңалық көп

Шымкент зообағында жаңалық көп. Құрылысы осыдан төрт жыл бұрын басталған Африка аймағы жақында іске қосылмақ. Аумағы 8 гектарды құрайтын бұл алқапта енді тұяқтылар мекендейді. Бұл жер жануарлар үшін ыңғайлы, табиғатқа мейлінше жақындастырылып жасалған. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1 млрд тенге жұмсалды.

Шымкент зообағында жаңалық көп

Шымкент зообағындағы бірегей бұл аймақ – Африка аймағы деп аталады. Ол еліміз тұрмақ, ТМД елдерінің бірде-бірінде жоқ жоба. Сол себепті мамандар о баста жоспарланған жобадан ауытқымауды бақылауда ұстадық дейді. Жақында оған алғашқы жануарлар жіберілмек.

Шымкент зообағында жаңалық көп

Оған қоса Шымкент зообағы жыл сайын жаңа аңдармен толықтырылып отыр. Биыл да Африка аймағына тұяқтылардың тағы бірнеше түрін алу жоспары бар. Мұнда келуші жерлестеріміздің қатары да артқан. Оның үстіне зообаққа кіру құны қымбат емес .

Сала мамандарының айтуынша, зообаққа жылыны 2500-3000-дай адам келеді. Африка аймағы ашылса, келушілердің қатары екі есеге көбейетініне сенімді.

Нұрлан Жаңабай