Ардагерлер көмек ретінде қанша қаржы беріледі

743
ардагерлер ардақталады

Шымкентте биыл Жеңіс мерекесін 105 соғыс ардагері мен мүгедегі бірге қарсы алып отыр. Қала әкімдігі осы батыр аға-апаларымыздың есеп шотына Жеңіс күні қарсаңында 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 226 мың 900 теңгеден бір реттік көмек қаржысын аударды.

Бұған қосымша соғыс ардагері мен мүгедектерінің әрқайсысына тағы 100 мың теңгеден беру туралы шешім қабылданды. Шымкент қаласының әкімі бұл қаржыны батырларымыздың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында қала қазынасынан арнайы бөліп отыр.

Шымкентте, сондай-ақ, 5162 тыл еңбеккері бар. Оларға да бюджет есебінен 5 АЕК көлемінде, яғни 11 345 теңгеден көмек қаржы аударылды. Сонымен бірге ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Чернобыль апатының зардаптарын көрген, Семей полигонының залалынан жапа шеккен азаматтардың есеп-шотына 20 АЕК көлемінде, 45 мың 380 теңгеден бір реттік қаржылай көмек аударылған, деп хабарлады қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. Шымкентте бұл санаттағы 1913 азамат бар.