Оңтүстіктен Астана көкөніс керуені аттанды

350
Оңтүстіктен Астана көкөніс керуені аттанды

Астанада 13-14 мамыр аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай облысымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері құны 135,6 млн теңге болатын 262 тонна көкөністі Астанаға жөнелтті. Оның ішінде жылқы еті – 22 тонна, күрке тауық еті – 15 тонна, ұн өнімдері – 10 тонна, қызанақ – 71 тонна, қияр – 71 тонна, сүт өнімдері – 7 тонна, шұжық өнімдері – 3 тонна, балық өнімдері – 3 тонна, қымыран – 1 тонна, 10 мың дана жұмыртқа бар.

Оңтүстіктен Астана көкөніс керуені аттанды

– Саяси маңызы бар шараны жоғары деңгейде өткізуге еліміздің барлық облыстары қызу дайындалып жатыр. Оңтүстік өңірі де өз үлесін қосуда. Мына бүгінгі шара соның айқын дәлелі. ЭКСПО көрмесіне Оңтүстіктің шаруалары алғашқы өнімдерін жөнелтіп отыр. Өнімдерді Астанаға жеткізу үшін тоңазытқыштармен қамтылған 25 көлік дайын тұр, – деді облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов.

Оңтүстіктен Астана көкөніс керуені аттанды

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы ЭКСПО көрмесі аясында 6 рет жәрмеңке өткізеді. Осы аралықта Оңтүстіктің шаруалары ауыл шаруашылығы өнімдерінің 28 түрінен 12 мың 976 тонна тауар жөнелтеді. Бұл мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктеліп алынған. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарға жәрмеңке түрінде ұсынылатын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі