Байтұрсынов көшесімен жүретін автобустардың бағыты өзгерді

498
Байтұрсынов көшесімен жүретін автобустардың бағыты өзгерді

Шымкентте бірқатар қоғамдық көліктің бағыты 1 шілдеден бастап уақытша өзгереді. Бұл Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты. Қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі бүгін осылай деп хабарлады.

Кестеге сәйкес, № 4, 21, 27, 33, 69, 74 «А» бағытындағы автобустар мен 121-ші бағыттағы шағын автобус Байтұрсынов көшесімен келіп, Мәделі қожа көшесіне бұрылады. Содан Рысқұлбеков көшесімен жүріп отырып Желтоқсан көшесі арқылы Байтұрсынов көшесіндегі Баян сұлу аялдамасына қайта түседі.

№ 27 «А», 35 және 74 бағыттағы автобустар Мәделі қожа көшесімен бұрылып, Дулати көшесіне түседі. Содан Желтоқсан көшесі арқылы Баян сұлу аялдамасына қосылады.

Ал №9 және 65 бағыттағы автобустар Тәжібаев көшесі арқылы Қонаев даңғылымен жүреді. Содан Желтоқсан көшесі арқылы Баян сұлу аялдамасына қосылады. Жолға шыққанда ескере жүріңіздер.