Прокурорлар мен мал дәрігерлері рейдке шықты

485
Прокурорлар мен мал дәрігерлері рейдке шықты

Қазақстанның бас прокуратурасы мен еліміздің ішкі істер министрлігі бірлесіп, «Мал ұрлығына тосқауыл» жобасын қолға алған болатын. Осыған сәйкес облыстық прокуратураның бастамасымен таяуда мекемеаралық бірлескен ауқымды рейд ұйымдастырылды. Оның аясында Оңтүстіктегі ең үлкен Қарабұлақ мал базары аумағына ағылған мал тиеген көліктерді бақылаудан өткізді. Прокуратура және ішкі істер органдары қызметкерлері мен ветеренарлар бірігіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.

Прокурорлар мен мал дәрігерлері рейдке шықты

Бұл рейд бұрынғы рейдтен өзгерек. Облыстық прокуратураның ұйытқы болуымен басталған бұл рейдтің ауқымы да кең. Мал ұрлығына тосқауыл болу мақсатында бірлескен жобаға қатысушы құзырлы орган қатары да аз емес.

Рейдтік іс-шара барысында базарға бет алған, мал тиеген 16 көлік тоқтатылып, төрт автокөлік арнайы оқшаулау орнына әкетілді. Басты себеп – арнайы ветеринариялық құжат жоқ.

Қораңыздағы төрт түліктің түгелдігін қаласаңыз, бірдейлендіруді ұмытпаңыз дейді жауаптылар. Түн қараңғысынан таңға дейін жалғасқан рейд қатысушылары тұрғындарды мал екеш малдың да құжатына мұқият болуға шақырды.

Облыстық прокуратураның бастамасымен мұндай іс шаралар 14 мен 16 маусым аралығында облыс көлемінде жалғасатын болады.

Жанар Есенбекова