Алтынға құмар ұры ұсталды

227

ОҚО Қазығұрт АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлғалар үйіне келіп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткені туралы көрсеткен.

Қазығұрт АІІБ-нің полицейлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында кәмелет жасқа толмаған 2000 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Полицейлер анықтағандай, күдікті жәбірленушілердің үйіне ешкім жоқта кіріп, алтын бұйымдары мен ақшаларын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап отырған. Тәртіп сақшылары, күдікті азаматтың бірнеше рет ұрлық жасағанын анықтады.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асады. Аталған жайт Қазығұрт АІІБ СДТБР тізіміне ҚР ҚК 188 «Ұрлық» бабымен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.