«Тарихи Түркістан» көрмесі өтуде

466

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Жаһандағы қазақстандық мәдениет» жобасы аясында «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық музейі атыраулық жұртшылыққа тарихи мəнге ие ауқымды көрме ұйымдастырды», – деп хабарлайды baq,kz.

250-ден аса құнды жәдігерлермен жасақталған «Тарихи Түркістан» көрмесі Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне орналастырылып, салтанатты түрде ашылуы өтті.

Айтулы шараға Атырау облыстық басқарма басшылары жəне жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, қала қонақтары жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Көрменің ашылуында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары С.Мирашев көрмені ұйымдастырушы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-музейіне алғысын білдіре отырып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Жолаевтың алғыс хаты жəне Атырау қаласының бес томдық кітабын табыс етті.

Елдің тарихы мен мол қазыналы құндылығынан сыр шертетін «Тарихи Түркістан» көрмесі бір ай бойы Ақ Жайық өңірі халқының назарына ұсынылады.