Úı Jańalyqtar Дәрігерлер Шымкентте бір аптадан бері жатқан науқастың туыстарын іздеуде

Дәрігерлер Шымкентте бір аптадан бері жатқан науқастың туыстарын іздеуде

Дәрігерлер Шымкентте бір аптадан бері жатқан науқастың туыстарын іздеуде

Шымкенттің дәрігерлері бір аптадан бері ес түссіз жатқан науқастың аты-жөнін анықтай алмауда. Бұл азамат 14 қараша күні Мәртөбе тұрғын алабынан жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Ақ халаттылар оның миына қан құйылып, инсульт алғанын айтты. Ес-түссіз жатқан азамат жасанды аппаараттың көмегімен дем алуда. Мамандар азаматтың денесіндегі суреттерге қарап бұған дейін түрмеде отырған болуы мүмкін деп болжайды.

Дастан Өтепов, дәрігер-невролог: «14 қараша күні 45 жас шамасындағы азамат жеткізілді. Денесінде әр түрлі сурет бар. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Қазір тек жасанды аппаратың көмегімен дем алуда. Біз оны компьютерлі тамографияға түсірдік. Анықтағанымыз — миына қан құйылған. Яғни, инсульт алған.»

Егер бұл азаматты танитындар мен ол туралы ақпарат білетіндер болса, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының нейро-жансақтау бөліміне хабарласуын сұранамыз.