Облыс мәслихатының депутаттары Төлеби ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді талап етеді. Бұған себеп — құрамы санитарлық талаптарға сай келмейтін тіршілік нәрін пайдаланып отырған төлебиліктердің проблемасы ел парламентіне дейін жеткен. Бұл күрделілікті жоюға қомақты қаржы бөлінгенімен, ауылдағы ағайын, әсіресе, Леңгір қаласының тұрғындары әлі күнге лай суды қолдануға мәжбүр.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетке толықтырулар мен өзгерістер енгізуге қарсы емес. Мәслихат пен әкімдік бір шешімге келіп, Төлеби ауданы елдімекендерін ауызсумен қамтамасыз етуге қаржы бөлді. Ортақ шешім қабылдауларына парламентке дейін жеткен дау себеп болыпты. Десе де халық қалаулылары дәл осы ауданға, дәл осы проблеманы шешуге қомақты қаржыны бұған дейін де бөлген. Ал нәтижесі көңіл көншітпейді.
Нұрмахан Жолдасов, облыс мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ төарағасының бірінші орынбасары: «Жүйелер жабылып қалса да осыған дейін 5 млрд 200 млн теңгенің жұмысы атқарылды. Аудан әкімі қолынан келген мүмкіндікті жасауда, аудан бюджетінен 20 млн теңге бөліп, пленкамен де жапты. Алайда жаңбыр жауып, онда қазір құрамы жағынан сапасыз.»
Облыс әкімдігі де қол қусырып отырған жоқ. Күрделілікті шешу мақсатында ауданға жауаптылар барып, жағдаймен етене танысып қайтыпты.
Төлеген Сәрсембаев, облыс әкімінің орынбасары: «2013-2014 жылдары жоба жасалған. «Купол» деген жобалаушы мекемес. Тазалау қондырғысы, 79 сорғы да іске қосылмаған. Су өз екіпінімен ағып, сол жағынан 50 мл құбыр қосылды. Төлеби ауданында тазалау қондырғысын салуға болады. Келер жылға қаржы бөлу қажет.»
Осы іс-сапар барысында төлебиліктер қай көзден ауызсу алып жатқаны да нақтыланыпты. Депутаттар да Кеңес одағы кезеңіндегі жүйе де жарамды дейді.
Тоқетері — Төлеби ауданын ауызсумен қамту мәселесіне мәслихат та, әкімдік те білек сыбана кірісті. Бұл дегеніміз, келер жылы қарапайым халық сапалы ауыз суға қол жеткізуі әбден мүмкін.
Шынар Оразова