Мекенжай бойынша тіркелудің құжаты азаяды

314
Мекенжай бойынша тіркелудің құжаты азаяды

Елімізде тіркеуге тұру үшін енді құжат тасудың қажеті жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұл іс барынша жеңілдеді. Яғни, азаматтарды уақытша немесе тұрақты тіркеуге тұрғызу үшін оған қазіргідей пәтер немесе үйдің құжаттарын әкелудің қажеті жоқ. Тек екі тараптың жеке куәлігі болса жеткілікті. Сөйтіп, қағазбастылықты азайтып жатқан орталықтар онлайн тіркелу қызметін де жөнге келтіруді көздеп отыр.

Қазығұрт шағынауданының тұрғыны Бақытжан Тойшиев өз үйіне туысын тіркеуге тұрғызбақ. Үй иесі болғандықтан ол жылжымайтын мүлігінің құжаттарының барлығын ала келіпті. Ал Абай аудандық көші-қон қызметінің өкілдері енді бұл құжатсыз-ақ жеке куәлік бойынша тіркеуге қоятындарын түсіндіріп берді.

Көші-қон қызметінің өкілдері мәліметтер базасында жылжымайтын мүлік иелері жайлы толық ақпарат барын айтады. Енді олардан үй немесе пәтерге құқығын дәлелдейтін құжаттар сұралмайды. Жеке куәліктегі жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы қажетті мағлұматты өздері ала алады. Азаматтарды уақытша немесе тұрақты тіркеуге тұрғызу үшін оған бұрынғыдай үй немесе пәтер құжаттарын әкелудің қажеті жоқ. Тек екі тараптың жеке куәлігі болса жеткілікті. Сөйтіп, қағазбастылықты азайтып жатқан орталықтар онлайн тіркелу қызметін де жетілдіруді көздеп отыр.