Назар аударыңыздар! Шымкентте оқу-жаттығу өтеді

233
14 жасар жеткіншектің өліміне қатысты күдікті ұсталды

2017 жылдың 27-28 қарашасы күндері ОҚО ішкі істер департаментінің базасында штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Арнайы операцияның негізгі мақсаты ішкі істер органдары дайындығы мен қабілеттілік деңгейін арттыру болып табылады.

Оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс туындаған орындарға қысқы мезгілде операцияларды өткізу кезіндегі әрекеттерге құқық қорғау органдары күштерін жөнелту мәселелерін қарастыру жоспарланып отыр.

Оқу-жаттығу барысында:

-Күш пен құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

-Мемлекеттік органдарды жедел хабардар ету;

-Ведомстволық байланыс құралдарының және өзара байланысының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

-Әртүрлі қойылған тапсырмаларды орындаудағы  мемлекеттік органдардың өзара байланысы тексеріледі.

Сондай-ақ, оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі төтенше жағдай кезіндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-әрекеті пысықталады.

ОҚО ішкі істер департаменті қала тұрғындарынан осы оқу-жаттығу іс-шарасына түсіністікпен қарауды және қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.