«OntustikTourism. Invest 2017» халықаралық форумы өтеді

384

«Қазақстанның Жібек жолымен саяхат» атты фестиваль аясында 15-16 қараша аралығында Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «OntustikTourism. Invest 2017» халықаралық және инвестициялық форумы өтеді.

Форум мақсаты – кездесулерге, отандық туризмді дамыту төңіргендегі өзекті ойларды ортаға салатын тиімді алаң ұсыну. Іс-шара барысында туристік өнімдердің тұсаукесері мен «Ұлы Жібек жолы» бағытындағы қызықты орындар фотокөрмесі, «SilkRoadFair» туристік жәрмеңкесі және форум қонақтары үшін ақпараттық тур ұйымдастырылады.

Форум жұмысына Қытай Халық Республикасының туризм жөніндегі мемлекеттік басқармасы, отандық, алыс және жақын шетелдердің туризм майталмандары, мемлекеттік органдар, қазақстандық және халықаралық бизнес қауымдастық, кәсіподақ, инвсетициялық компаниялар өкілдері қатысады.