Шымкент қаласының егжей-тегжей жоспары таныстырылды

851
Шымкент қаласының егжей-тегжей жоспары таныстырылды

Шымкентте кезекті қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жолғы басқосу шаһардың 2012 жылы қабылданған бас жоспарына егжей-тегжей жоспар жасау жұмысына арналып отыр. Мамандар ол жоспардың маңыздылығын түсіндіріп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

2012 жылы қабылданған бас жоспарға сай қаланың аумағы 117 гектарға ұлғайған. Ол 2002 жылғы бас жоспардан үш есе үлкен. Ал осы бас жоспарға сәйкес егжей-тегжей жоспарын жасау өзекті. Соңғы жылдары қалаға үш ауданнан 40-тан астам елдімекен қосылды. Шаһар орталығында әкімшілік-іскерлік орталығы салынды. «Шымкент сити» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Күн санап қала халқының саны да өсуде. Бас жоспарға сай 2020 жылы қала халқының саны 1 млн 200 мың адам болады деп белгіленсе, егжей-тегжей жоспары 1 млн 400 мың тұрғынға арналып жасалуда. Осы егжей-тегжей жоспарды жасаушылардың айтуынша, жобада қаланың жан-жақты өсуі толығымен ескеріліпті.

Шымкент қаласының егжей-тегжей жоспары таныстырылды

Қоғамдық тыңдауға келген қала тұрғындары өздері тұрып жатқан шағынаудандардың мәселесі мазалайтынын айтты. Әсіресе саяжайлықтар қашан қалалық статус аламыз дейді. Себебі бұрынғы қала сыртындағы саяжайлардың барлығы бүгінде қала аумағына енген. Көшелері тар, соған қарамастан халқы тығыз орналасқан. Енді олар құжатымызды қашан рәсімдейміз дейді.

Шымкент қаласының егжей-тегжей жоспары таныстырылды

Шымкент қаласының бас жоспарын жасаған мамандардың айтуынша, 2050 жылы қала халқының саны 2,5 млн адамға жетеді деп есептелген. Егжей-тегжей жоспарында әр шағынаудан, әр көшенің халқы санын, оның өсімін, көшелерді кеңейту, ауызсу, жарық, көгілдір отын жеткізу мәселелерін толық қарастырғанын жеткізді. Өзгерістер болады, бірақ оның барлығы болашақтың еншісінде деп тарасты.

Нұрлан Күдерұлы