Шымкентте тағы екі гүлзар қайта жаңарады

393
Шымкентте тағы екі гүлзар қайта жаңарады

Шымкентте қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың есімімен аталатын гүлзар гүлденетін күн жақын. Бүгін белгілі болғандай, гүлзарды қайта құру жұмыстары басталды.

Ескерткіш маңында тозығы жеткен орындықтар ауыстырылады. Айналасындағы жасыл желекті суару үшін арнайы ұңғыма қазылуда. Биыл жыл соңына дейін мұнда жаңа көшеттер отырғызылып, көктемде көгалдандыру басталады.

Шымкентте тағы екі гүлзар қайта жаңарады

Ал Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші тұрған аллеяда қайта құру жұмыстары аяқталып қалыпты. Тозығы жеткен ескерткіш тұғыры қымбат тастармен әрленуде. Көріктендіру жұмыстары жергілікті тұрғындардың көңілінен шығып отыр.

Шымкентте тағы екі гүлзар қайта жаңарады

Нұрлан Күдерұлы