Жансейіт Түймебаев Шымкенттің жаңа әкіміне сәттілік тіледі

289
Жансейіт Түймебаев Шымкенттің жаңа әкіміне сәттілік тіледі

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласының әкімі лауазымына жаңа тағайындалған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевты қала активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Шымкент қаласы Елбасының назарындағы экономикасы мен құрылысы қарқын алған еліміздегі үшінші қала екенін айтқан аймақ басшысы қала әкіміне жаңа жұмысында жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, бірқатар тапсырма жүктеді.

Жансейіт Түймебаев Шымкенттің жаңа әкіміне сәттілік тіледі

– Сіз кәсіби деңгейі жоғары, мемлекеттік қызметтің түрлі саласынан өткен тәжірибелі мамансыз, сондықтан, Нұрлан Ермекұлы, сізге қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп отырған бірқатар мәселеге назар аударып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуді, қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыруды тапсырамын. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвесторлар тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамту, қалаға жаңадан қосылған елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдау керек, – деді облыс әкімі.

Нұрлан Ермекұлы 2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы лауазымын атқарып келген.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі