Жетісайдағы Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясы – Оңтүстіктің мақтанышы

1477
Жетісайдағы Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясы - Оңтүстіктің мақтанышы

Алтын белгі иегерлерінің ұстаханасы. Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының жетістіктері өңірге ғана емес, республикаға аян. Соңғы 5 жылда 200-ге жуық алтын белгі иегерлерін тәрблиелеп шығарған білім ордасының ұстаздары үздік көрсеткіштің сыры – ізденіс пен ата-аналармен жүргізілетін жұмыста жатыр дейді. Осынау оқу ордасы бүгінде облыс мақтанышына айналып отыр.

11 сынып оқушысы Қуат Сұлтан сынаққа дайындалу үстінде. ҰБТ-ға қызу әзірленіп жатқан болашақ түлек аптасына екі рет байқау тестін тапсырады. Жыл басында 120 ұпайдан жинап жүрген шәкірт қазір тест тапсырмаларының 90 пайызына дұрыс жауап беретінін айтады.

Оқушының замана талабына сай білім алуына мұнда барлық жағдай жасалған. Лингофон кабинеті, оқу құрал-жабдықтары дайын. Болашақ түлектер таңертеңнен түске дейін сабақ оқып, кешке дейін даярлық тобында болады. Оқушылардың былтырғы орташа көрсеткіші 117 балды құраған. 70 түлек түгелдей тестілеуге қатысып, 65 түлек алтын белгі иегері атанса, 63 шәкірт мемлекеттік грантты ұтып, жоғары оқу орындарына түскен.

Жетісайдағы Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясы - Оңтүстіктің мақтанышы

Білімпаз жастар қоғамдық шараларда да белсенді. Елбасы жолдауына үн қосып, елдің даму бағдарын бағамдауда. Мектеп ішіндегі тәрбие сағаттарында ауыздыға сөз бермейтін майталмандар түрлі жассөздерге қатысып, халықаралық республикалық пән олимпиадаларында да топты жарып келеді.

Жетісайдағы Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясы - Оңтүстіктің мақтанышы

Білім мен тәрбиені ұштастыра білген ұстаздар оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруды жолға қойған. Жас өрендер сахна сырына қанығып, түрлі өнер додаларында сайысып жүр бүгінде. Осылайша сапалы білім мен саналы тәрбие алып жатқан шәкірттер биылғы оқу жылын да ойдайғадай аяқтаймыз деп құлшынады.

Мақпал Рысбаева