Арыста екі фельдшерлік бекет пен қонақ үй ашылды

945
Арыста екі фельдшерлік бекет пен қонақ үй пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Арыс қаласындағы Саналы және Шағыр елдімекендерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекет қолданысқа берілді.

Арыста екі фельдшерлік бекет пен қонақ үй ашылды

Нысандардың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Болатұлы денсаулық сақтау нысандары елдімекен тұрғындарына алғашқы медициналық қызмет көрсету мақсатында ел игілігіне пайдалануға берілгенін атап өтті.

– Мемлекеттің басты байлығы – халық. Ал халықтың басты байлығы – денсаулығы. Бұл үшін әр елдімекенді ауруханамен қамтамасыз ету бағытында жұмыс атақаруымыз тиіс!, – деген қала әкімі барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Арыста екі фельдшерлік бекет пен қонақ үй ашылды

Медициналық нысанда фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі мен акушерлік кабинет орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталып, білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір. Енді мұнда күнделікті денсаулығына шағымданған жандарға кез келген көмек көрсетілетін болады.

Арыста екі фельдшерлік бекет пен қонақ үй ашылды

Осы күні Арыс қаласында Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер М.Ержігітовтың бастамасымен жаңадан бой көтерген заманауи «Madani» қонақ үй кешені ашылды.

Арыста екі фельдшерлік бекет пен қонақ үй ашылды

Бұл нысанның ашылуымен жаңадан жұмыс орындары құрылып, қаланың туристiк әлеуетi арта түспек. Жаңадан ашылған екі қабатты ғимаратта заман талабына сай жасақталған қонақ бөлмелер, асхана, көлік жуу, көлік жөндеу цехтары орналасқан.