Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

782
Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Түлкібас ауданына барды. Өңір басшысы Ақбиік ауылындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ретінде салынған 100 орындық балабақшаның ашылуына қатысты. Ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

— Оңтүстік өңірі баланың туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл тұрғыда балабақша көп салынуы қажет. Мәселен, мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін ауданда 37 балабақша ашылған. Қазіргі таңда аудандағы 3-6 жасар балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытуымен қамту 92,6 пайызды құрап отыр. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша салынатын балабақшаларды көбейтіп, көрсеткішті 100 пайызға жеткізетін боламыз, — деді облыс әкімі.

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Сапарқұл Жалбиев балабақшаның қажет кезінде ашылып отырғанын айтып, жергілік жұрт атынан ризашылығын білдірді.

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

Айта кету керек, бүгінде мекемеде ауылдың 31 тұрғыны жұмыспен қамтылған. Нысанның жалпы сметалық құны 231 млн теңгеге жуық. Балабақшаны «Ропроэкт» ЖШС мердігер мекемесі салған.

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

Бұдан кейін облыс басшысы Кемербастау ауылындағы күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 57 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Жөндеу жұмыстарын мердігер «БиМирҚұрылыс» ЖШС жүргізіпті. Қазіргі таңда 300 орындық мәдениет үйінде 2 қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, ғимаратта кітапхана орналасқан. Онда 15 мыңға жуық кітап қоры бар.

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

Мұнда аудандағы өндіріс орындары мен ауыл шаруашалығы өнімдерінен көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыл өнерпаздары дәстүрлі ән мен ұлттық биді нақышына келтіріп орындады.

Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша ашылды

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі