ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

914
20 мыңнан астам тұрғын «Өрлеу» жобасының тиімділігін көріп отыр 

Оңтүстік Қазақстан облысынің әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарын Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы нан» ЖШС жұмысымен танысудан бастады. Аталған серіктестік түрік технологиясын пайдаланып, сапалы ұн өнімін шығарумен айналысады. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға, ал өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген.

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

Алғаш рет жұмысын 2008 жылдың ІІ тоқсанында бастаған серіктестікте 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен диірмен құрылысын ұлғайтып, жаңа қондырғылар орнатылған. Нәтижесінде мұнда тәулігіне 450 тонна бидай өңделіп, ұн өнімі пісіріледі. Бұл жобаның жалпы инвестициялық құны 2 млрд 680 млн теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Ордабасы нан» өнімдері отандық нарықпен қатар Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталуда.

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

Мұнан соң облыс әкімі Бөржар ауыл округіндегі «Миграж-Б» ЖШС мал бордақылау алаңын да аралап көрді.  Бұл кешен бір мезетте 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға ыңғайластырылған. Мұнда жылына 70 тонна ет өндіру жоспарланып отыр.

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

Облыс басшысы аялдаған келесі нысан – жеке кәсіпкер Ермекбай Өтеевтің жылыжайы болды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 2 млн теңге несие алған кәсіпкер жылыжай салып, 2 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

Сондай-ақ, облыс басшысының назарына «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ауданда атқарылған жұмыстар ұсынылды. 2017 жылдың 10 айында бағдарлама аясында аудан бойынша 1142 отбасыға 307 миллион теңгеден астам қаржы үйлестірілген.

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

Азаматтардың дені алған қаржыны мал шаруашылығын жүргізуге жұмсауда. Осы сапарында Жансейіт Түймебаев «Өрлеу» жобасымен қаржы алған қолөнершілерден домбыра сатып алды.

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

– Оңтүстікқазақстандықтар «Өрлеу» жобасының тиімділігін көре бастады. Өрлеу» жобасы аясында бүгінге дейін жалпы сомасы 6 млрд теңгеден асатын шартты ақшалай көмекті 20 мыңнан астам жерлесіміз алып,  отбасылық табыстарын еселеп отыр. Сондықтан кәсіп ашып, тірлік істеймін деген азаматтарға мемлекет тарапынан жасалынатын жеңілдіктерді насихаттау қажет, – Жансейіт Қансейітұлы.

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

Өңір басшысы Төрткүл ауылындағы «Нұр Агро 73» ЖШС мақта өңдеу зауытының да жұмысымен танысты. Өз жұмысын 2016 жылы бастаған нысанның инвестициялық құны – 255 млн теңге. Мұнда бүгінде 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның 230-ы – жергілікті тұрғын. 14 өндірістік құрылғыда жылына 30 мың тонна мақта өңделеді. Облыс көлемінде Мақтаарал, Шардара, Ордабасы аудандарынан мақта қабылданады. Төрткүлде дайындалған мақта талшықтары бүгінде Чехияға, Белорусия мен Молдоваға экспортталуда. Мұнан өзге Шымкенттегі «Меланж текстиль» фабрикасына жөнелтіледі.

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

ОҚО әкімі Ордабасы қолөнершілерінен домбыра сатып алды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі