Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

524
Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Шымкентте жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды. Әл Фараби алаңында орнатылған шырша шамын облыс әкімі Ж.Түймебаев пен қала әкімі Н.Сауранбаев жақты.

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Салтанатты іс-шараға қаланың жүздеген тұрғыны да қатысты. Шымкенттіктерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған кеште облыс әкімі көпшілікті келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

– Жаңа жыл – әр отбасына жылулық әкелетін, көңілге үміт пен сенім ұялатып, шапағат пен шаттық, мейірім мен ізгілік сыйлайтын ғажайыпқа толы мереке! Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін ерекше мерзім, – деді облыс әкімі.

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Биіктігі 18 метр шырша 200 әдемі ілмек пен ұзындығы 1800 метр жарық шамымен безендірілген. Іс-шараға жиналған жұртшылық жаңа жылдың сүйікті кейіпкерлері Аяз ата мен Ақша қар және ертегі кейіпкерлерінің көрінісін көріп, театрландырылған қойылымды тамашалады. Мерекелік бағдарлама соңы отшашумен аяқталды.

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Жыл сайынғы дәстүрге сай жаңа жылдық шырша Тәуелсіздік мерекесінен кейін орнатылып отыр. Айта кетейік, биыл жаңа жылдық шыршалар қаланың үш жерінде – Әл Фараби алаңында, Ш.Қалдаяқов аллеясында және Нұрсәт шағынауданындағы әкімшілік-іскерлік орталығында орнатылды.