Шымкенттің бас жоспары талқыланды

342
Шымкенттің бас жоспары талқылануда

Шымкентте кезекті қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жолғы басқосу шаһардың 2012 жылы қабылданған бас жоспарына егжей-тегжей жоспар жасау жұмысына арналып отыр. Мамандар ол жоспардың маңыздылығын түсіндіріп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

2012 жылы қабылданған бас жоспарға сай қаланың аумағы 117 гектарға ұлғайған. Ол бойынша қалаға үш ауданнан 40-тан астам елдімекен қосылды, күн санап қала халқының саны да өсуде. Бір миллион 200 мың адамға шақталып жасалған жоспар қайта жөнделіп, 1 млн 400 мың тұрғынға арналып жасалуда. Осы егжей-тегжей жоспарды жасаушылардың айтуынша, жобада қаланың жан-жақты өсуі толығымен ескеріліпті. Жаңа әуежай, жаңа теміржол вокзалының салынатын жерлері туралы айтылды.

Шымкенттің бас жоспары талқылануда

Шымкент қаласының бас жоспарын түзгендер 2050 жылы қала халқының саны 2,5 млн адамға жетеді деп есептейді. Егжей-тегжей жоспарда әр шағынаудан, әр көшенің халық саны ескеріліпті. Сол себепті көшелерді кеңейту, инфрақұрылым тарту мәселелері толық қарастырылған. Айтылған ауқымды өзгерістер қазір қағаз жүзінде тұр, оның қашан, қалай жүзеге асатыны уақыттың еншісінде.

Нұрлан Күдерұлы