Шымкенттің бас жоспары жаңартылуда

350
Шымкенттің бас жоспары талқылануда

Шымкент – бұл заманауи қала, үлкен ауыл емес. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев «Жоспарланған және бекітілген жобаларды ескере отырып, қаланың бас жоспарын жаңарту үшін жасалған кешенді жоба» құжатын дайындаушылардың есіне салды.

Қаланың бас жоспары Қазақстан Республикасы үкіметімен 03.09.2012 жылғы №1134 қаулысымен бекітілген болатын. Шымкент қаласының бас жоспары мақұлданғаннан кейін қала аумағында ірі тұрғын үй және қоғамдық кешендер салынды, жаңа әкімшілік-іскерлік орталық пайда болды. Осының барлығынан соң қаладағы жағдайды ескере отырып, жобаны жаңартуға тура келді. Жоба жасаушылардың айтуынша, Шымкенттің дамуы қала маңындағы жасыл аймақты сақтай отырып, қала шегінде жүзеге асырылмақ. Бірақ бұл ұсыныста жер қаншалықты тиімді пайдаланылған?

Шымкенттегі қоғамдық көлік саласының анық есебі жоқ

Шымкенттің басшысы Нұрлан Сауранбаев жоба жасаушыларға алдымен қазіргі таңда тұрғындар қоныстанып қойған жерлерге назар аудару керегін айтты. Бірінші кезекте сол жерлерге байланыс орнатып, көңіл бөліну керек.

Тағы бір тапсырма – тозығы жеткен үйлердің мәселесін шешу. Шымкент жан-жаққа қарай емес, жоғары қарай даму керек. Сондықтан көп қабатты үйлер басты назарға алынуы тиіс. Сол кезде құрылыспен бірге байланыс жүйесі де қатар жүргізілетін болады.

Нұрлан Сауранбаев жоба жасаушыларға бұл жоба халық мүддесі негізінде жасалуы керек екенін ескертті. Осы шарттар орындалған жағдайда ғана жобаны қабылдауға уәде берді. Ал оған дейін жобаны қайта қарауға жіберді.