Тәуелсіздік күні өңірге еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

1112
Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік кеште сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

– Тәуелсіздік күні – ұлы мереке. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы азаттықтың ақ таңы түбі бір атарынан үміт үзбей Тәуелсіздік алуды армандап өтті. Ұлан-ғайыр даланы аман сақтау үшін жанқиярлықпен күресті. Халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, еліміз егемендікке қол жеткізді.  Міне, біз бүгін еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнін жиырма алтыншы рет тойлап отырмыз. Қазақ елінің осынау жылдарда қол жеткізген жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен және оның сарабдал саясатымен тікелей байланысты.  Тәуелсіздік күні – біздің жалпыұлттық мерекеміз. Олай болса, бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болып, еліміз гүлдене берсін!, – деді Жансейт Қансейітұлы.

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Салтанатты жиында облыс басшысы мемлекеттік және қоғамдық қызметте еңбегі сіңген, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен өңірге еңбегі сіңген оңтүстікқазақстандық 74 азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Олардың бірқатарын айтып өтсек, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Н.Дербісов марапатталса, «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директорының кеңесшісі Р.Оспанәлиева мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков «Парасат» орденінің иегерлері атанды.

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

 

Ал «Құрмет» орденімен «ЕвроРемонтСервис» ЖШС директоры Ж.Ағабеков, облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі У.Әбдірайымов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ деканы С.Әбдірайымова, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, ақын Т.Қабылбек сынды азаматтар марапатталды. Сонымен қатар «Кентау трансформатор зауыты» АҚ цех басшысы С.Зубков, «ЮКМЗ» АҚ токары Т.Исмаиловтар ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін иеленді.

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Тәуелсіздік мерекесіндегі іс-шарада «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Тілеуберді» ЖШС директоры С.Батырбаев, «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС бас директоры І.Бұралқиевлар марапатталса, еңбек ардагері М.Мамбетов, Арыс аудандық емханасының фельдшері Н.Әділбековалар «Шапағат» медалін иеленді. Құрмет грамотасымен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі Г.Абуова, Арыс қалалық №8 В.Комарова атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі С.Корчагина сынды тағы басқа азаматтар марапатталды.

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Мерекелік шара «Қазына», «Шамсинұр» би ұжымдарының орындауымен «Тіршіліктің бастауы – Қазығұрт» сазды-хореографиялық композициясымен жалғасты. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония және облыстық опера және балет театрларының өнерпаздары жиналғандарды өнерімен тәнті етсе, кеш сазгер А.Асановтың «Мәңгілік ел үшін» әнімен қорытындыланды.

Тәуелсіздік күні елге еңбег сіңген азаматтар марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталған азаматтар тізімі

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
1. Дербісов
Нұрболат Бекболатұлы, ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;

«Парасат» орденімен
2. Оспанәлиева
Рашкүл Жалелқызы «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директорының кеңесшісі, Шымкент қаласы

3. Сәдібеков Ұласбек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

«Құрмет» орденімен
4. Ағабеков
Жаңабай Молдабайұлы «ЕвроРемонтСервис» ЖШС директоры, Шымкент қаласы
5. Әбдірайымов
Уәлибек Әкімқұлұлы «Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театры» МКҚК әртісі, Шымкент қаласы;

6. Әбдірайымова
Сәбираш
Бимырзақызы «М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi» РМК факультет деканы, Шымкент қаласы;

7. Байғазиева
Шәркүл Ыбырайқызы «СӘКЕН» ФИРМАСЫ» ЖШС төрайымы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы

8. Бүрлібаев
Тасқынбай Еркебайұлы «Санжар Индастриз (Sanjar Industries)» ЖШС жоба үйлестірушісі, Шымкент қаласы

9. Жаңабаев Бақытбек
Қайыпжанұлы «Шардара су электр станциясы» АҚ басқарма төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысы
10. Ибадуллаев
Серікбай Ибадуллаұлы
еңбек ардагері
11. Қаныбеков
Шералы Оспанәліұлы «Мақтарал-сервис» МКК директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы

12. Мырзахметова
Шолпан Исабекқызы «Облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығы» МКК бас дәрігері, Шымкент қаласы

13. Серманизов
Бақытжан Қыпшақбайұлы «ХАМИТ» ауыл шаруашылығы ӨК басқарма төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданы
14. Өсербаев
Әліпбек Шәріпбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі

15. Төлтебаев
Мұрат Шерімұлы «Атамекен Корпорациясы» ЖШС директоры, Шымкент қаласы

16. Төретай Қабылбек еңбек ардагері, ақын, жазушы Шымкент қаласы;

17. Тұрбеков
Серік Ордабекұлы «Оңтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы;

18. Тұрысбеков Сексенбай «Кенжебай» ШҚ төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы;

19. Тілеген
Өстемір Тілегенұлы Еңбек ардагері, Шымкент қаласы;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
20. Зубков
Сергей Анатольевич «Кентау трансформатор зауыты» АҚ цех басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы

21. Исмаилов
Тажимат Кулахматович «ЮКМЗ» АҚ токары, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы;

22. Қобланов
Бекбол Қожанепесұлы «Кетебай» ӨК механизаторы, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен
23. Батырбаев
Саян Сағдуллаұлы «Тілеуберді» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы
24. Бұралқиев
Ілияс Сәметұлы «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС бас директоры, Шымкент қаласы

25. Білісбеков
Жұмағали Дәулетбекұлы «Жан ұя» ЖШС қаржы директоры, Шымкент қаласы
26. Ділдәбеков
Марат Шабланұлы «ШАБЛАН» ШҚ төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы
27. Жакенова
Ардақжан Қабдуалиқызы «Оңтүстік Қазақстан облысы Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы

28. Жақсықұлов
Бақытжан Ержанұлы «Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры, Шымкент қаласы

29. Жандарбай
Ерлан Жұмаділдәұлы «Облыстық опера және балет театры» МКҚК көркемдік жетекшісі, Шымкент қаласы

30. Ибраимов
Мұхтаралы Мамбетұлы «Қайсар» ШҚ төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы

31. Қалдыкозов
Сәбитбек Әбдірнайымұлы еңбек ардагері
32. Қалмұратов
Төрегелді Оразалыұлы
«Өсімдік қорғау-К» ЖШС және «Қарасай батыр-2» ӨК атқарушы директоры, Шымкент қаласы

33. Қарабасова
Гүлсім Бердіқожақызы «Абай атындағы №5 жалпы орта мектебі» КММ мектеп директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласы
34. Қауымбаев
Мейірбек Тұрарбекұлы «Отырар аудандық мәдениет сарайы» МКҚК сектор меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы

35. Малдыбекова
Карима Қораласқызы «№52 Мұстафа Өзтүрік атындағы жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы
36. Нажметдинұлы Болатбек «Dala-Trans» ЖШС бас директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы

37. Ордабаев
Ғани Оңғарұлы «Ленгір қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ММ жаттықтырушысы, Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданы
38. Сағымбекова
Ақмарал Камидуллинқызы «Ордабасы аудандық емханасы» МКҚК педиатр дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысы

39. Сарбасов Ағабек «Сарбасов» жеке кәсіпкер, Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы
40. Сәдуахасов
Баймахан Қожатайұлы
Ордабасы аудандық маслихат хатшысы
41. Сейілбекова
Оралхан Каналбайқызы «Облыстық опера және балет театры» МКҚК әртісі, Шымкент қаласы

42. Серікбаева
Кенжегүл Абдуллақызы «Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» МКҚК әртісі, Шымкент қаласы
43. Тәжібеков
Тоқтар Сарыұлы «Құрманәлі» ШҚ төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы

44. Ташев
Ибрагим Ақжолұлы «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКҚК бас дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысы
45. Тәжиева
Жанат Арысбекқызы «Шымкент қаласының білім бөлімі» ММ басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы

46. Төребеков
Ергеш Есенбекұлы «Жабай ата» ШҚ төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы

47. Тұрлыбеков
Талғат Арапбайұлы «Шымкент Октан» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы
«Шапағат» медалімен
48. Асанов
Нүркен Жарылқапұлы «Eurasia Group Kazakhstan» / «Евразия Групп Казахстан»/ ЖШС АГ Швейцария құрылтайшылар алқасының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданы
49. Әділбекова
Нұрқадиша Қадырбекқызы «Арыс аудандық емханасы» МКҚК фельдшері, Оңтүстік Қазақстан облысы

50. Байкеев Орынбет Еркінұлы Ақмарал ауруханасының бөлім меңгерушісі, 1-санатты дәрігер

51. Батырханова
Сәуле Халыққызы
«Ордабасы аудандық емханасы» МКҚК бас дәрігерінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы
52. Глазебная
Инна Михайловна «Оңтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ бөлім басшысы, Шымкент қаласы

53. Есіркепова
Бақыт Есенәліқызы «Түлкібас аудандық емханасы» МКҚК педиатр дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысы

54. Мамбетов
Марат Сұрағанұлы еңбек ардагері, Шымкент қаласы

55. Раманқұлова Гүлзабира Адамқұлқызы «Мырзакент» «Мақтаарал аудандық емханасы» МКҚК аға дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысы
56. Сыздықов Амантай еңбек ардагері, Шымкент қаласы

57. Тайпақов Қыдырәлі Әуелбекұлы «Түлкібас аудандық орталық ауруханасы» дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысы

58. Тәшімбетова
Мира Мейірбекқызы «Шымкент қаласы білім б
өлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №65
мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Оңтүстік Қазақстан облысы

59. Төрегелді
Мұхтар Балтабайұлы «Береке-ММА» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

60. Абуова
Күлбала Елбайқызы «Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» МКҚК әртісі, Шымкент қаласы
61. Арысбеков
Серғазы Ақтөреұлы «Түркістан қалалық Мәслихат аппараты» ММ сайлау комиссиясының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысы

62. Бұхарбаев
Тасқын Құрманқұлұлы «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы

63. Білісбаева
Ләззат Орынбасарқызы «Созақ аудандық орталық ауруханасы» МКК аға дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысы

64. Дәрменбаев
Төлеген Дүйсенбіұлы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы

65. Ештай
Берік Алпанұлы Тасты ауылдық округінің әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы

66. Жаймырза
Әбдіқалық Нұрмаханұлы «Отырар ағын су» МКК директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы

67. Ким
Татьяна Елисеевна «Кентау қалалық емханасы» МКҚК мейірбикесі, Оңтүстік Қазақстан облысы
68. Корчагина
Светлана Петровна «№8 В.Комарова атындағы жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі, Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы
69. Құрбанбаев
Күмісбек Әбиұлы «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы
71. Махатай
Гауһар Олжабекқызы «Төлеби ауданы әкімдігінің «Айсұлтан» балабақшасы» МКҚК әдіскері, Оңтүстік Қазақстан облысы

72. Молдақұлова
Роза Амангелдіқызы «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маман-есепшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы

73. Саудашова
Айдын Сатымбекқызы «Ордабасы аудандық емханасы» МКҚК аға дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысы

74. Тұрсынқұлов
Серік Алтынбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі