Тоғыз адамды сан соқтырған алаяқ қолға түсті

270
Зейнеткерлерді алдаған азаматша сотталуда

ОҚО полицейлері жыл басынан бері алаяқтықтың 300 фактісін анықтаған. Арасында банктік несиеге қатысты оқиғалар да бар. Саралау жұмыстарының нәтижесі алаяқтық адамдардың аңғалдығы мен бейқамдығының бір көрініс. Түрлі мәселелерін ақшаға шешіп беу туралы уәдеге иланып жәбірленушілер жылпостардың құрығына оңай ілігеді.

Мысалы, Шымкент қаласы Әл Фараби ауданында 30 жастағы алаяқ әйел қолға түсті. Ол адамдардың сеніміне кіріп, несие алып берем деп, ақшасын қалтасына басып, ізін суытып отырған. Тәртіп сақшыларына шағымданған 1977 жылы туған азаматша аталған алаяқтың несие әперем деп, 45 мың теңгесін алып, жоғалып кеткенін айтып арызданған. Дәл осы сарындағы арызбен Әл Фараби полиция бөліміне тағы бірнеше адам шағымданған. Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер Сайрам ауданының 1987 жылы туған тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде күдіктінің алаяқтықтың 9 фактісіне қатысы бар екені анықталған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 500 мың теңгеге жуық. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.