Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті

484
Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов жүргізіп отырған жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдары алдында тұрған мәселелер кеңінен сөз болды.

Басқосуда сөз алған облыстық ассамблея жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Бақтияр Тайжан бағдарламалық мақаланы насихаттаудың жаңа әдістері жайлы сөз қозғап, анимациялық фильмдерімен өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеумен қатар мәдени мұраларымызды әлемге танытуға үлкен үлес қосып жүрген «САҚ» киностудиясының осы бағыттағы жетістіктеріне тоқталды.

Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті

Бағдарламалық мақалада «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру бағытында мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру қажеттігі, мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал екені атап көрсетілген.

Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті

Жиында «Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Паттеев облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың идеясы бойынша жасап жатқан «Көне жетігеннің сыры», «Күш атасы – Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт», «Бір дастан», «Көне құмыраның сыры» сынды туындылардың Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық құндылықтарды ұлықтауға үлкен үлес қосатынын айтты.

Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті

Тақырып аясында ұтымды ұсыныс-пікірлер айтылған басқосуды қорытындылаған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов халқымыздың ұлттық мұрасын байыту, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде көпшілікті бірігіп жұмыс істеуге шақырды.