«Карл Маркс» базары көшіріледі

624

Жұрт аузында «Карл Маркс» базары атанып кеткен базар қала сыртына көшірілмек. Бүгін белгілі болғандай, облыс орталығындағы тағы бір базар сүрілетін болды. Яғни, көтерме базар қала сыртына шығарылады.

Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміндегілердің мәлімдеуінше, «Қазыбек» сауда орны 2018 жылдың соңына дейін «Бозарық» елді-мекеніне жақын жерге көшіріледі. Ол үшін базар басшыларына 7 гектар жер телімі беріліпті. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал бүгінгі базар орны саябаққа айналмақ.