Мешіт салуға рұқсат берілмеді

858

 Былтыр облыста бірде бір мешіт құрлысын жүргізуге жер бөлінген жоқ. Бұл туралы бүгін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстары баяндалған брифигте айтылды.

Бұдан былай мешіт салуға қадағалау күшейтіледі. Бұл нысанға қажеттілік жоқ дегенді білдірмейді. «Мәселе мешіт салатын демеушілердің таңдауында боп тұр», – дейді мамандар. Себебі, олар көбіне рұқсат берілмеген орындарды сұрайтын болып шықты. Мәселен, құлшылық ететін орындардың алшақтығы, халықтың тығыздылығы сияқты тұстар ескеріле бермейді дейді жауаптылар.

Заңсыз құрылыспен күрес мамандарға да оңай соғып жатқан жоқ. Сондықтан да олар сәулеттік жобаны бекітпей құрылыс жүргізуге рұқсат бермейтін болды. Айтуларынша, өңірдегі 400-ден аса заңсыз салынған нысандардың тең жартысы қызыл сызықтың бойына түскен. Инфрақұрылым жүйелеріне орналасқан нысандарды бұзуда бүгінде тиісті тараптар күш біріктіріп отыр.

Өткен жылды қорытып, есеп берген басшы орынбасары алдағы уақытта қолға алынатын ауқымды жоспарларымен де бөлісті. Айта кетейік, жыл басынан бері басқарма тарапынан 30 – дан аса сәулеттік жоба әзірленген. Оның дені болашақта шымшаһарда бой көтеретін болады.