Ордабасы ауданында биыл 1600-ге жуық жұмыс орны ашылмақ

482

Өткен жылы Ордабасы ауданы үшін өте табысты жыл болды. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,9 пайызға артып, 16 млрд. 354 млн. 806 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш бойынша аудан облыста 6 орында келеді.

Өндірістік өнім көлемінің артуына аудандағы «Қазақ –Түрік» индустриалды аймағының үлесі зор. Бүгінде мұнда  жалпы құны 15 млрд. 863,5 млн. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Егер жоспар іске асса 921 жұмыс орны ашылатын болады.

Былтыр аталған аймақта «Gold Aluminum» ЖШС-нің базасында «Artel Manufacturing» ЖШС-нің жылына 50 мың дана газ плитасын   жинайтын желісі іске қосылды. 30 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорынның  инвестициялық құны 102 млн.теңгені құрайды.

Ал, «Бадам»  өндірістік аймағының 153 гектар жер телімінде 37 млрд. 420 млн. теңгенің 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. 4 жоба толық іске асса 645 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, аймақта индустрияландыру картасы аясында «KAZKIOTI» ЖШС ауылшаруашылығы техникасын құрастыру зауыты және және «Karlskrona LB AC» ЖШС болат құю зауыты іске қосылып жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі күнге  аймақта  «ABF INVEST» ЖШС-нің  полиэтилен   талшығын өндіру зауытының құрылысы қарқын алған. Жоба 2018 жылдың I-жартыжылдығында іске қосылады деп жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі